АймақСәтбаев

Сәтбаев қаласында жаңа сот ғимаратының құрылысы басталды

Сәтбаев қаласында қалалық соттың жаңа ғимараты салынады. Бүгінгі таңда судьялар көп қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан типтік емес үй-жайда жұмыс істеуде. Жобада үш қабатты ғимараттың құрылысы қарастырылған.

Қарағанды облыстық сотының төрағасы Нұрсерік Шәріпов Сәтбаев қаласына жұмыс сапары барысында құрылыс алаңында болды. Ол мердігерлермен техникалық кеңес өткізді. Оған қала әкімі Асқар Ыдырысов пен прокурор Төлеубек Рымбаев қатысты. Басқосу барысында жұмыс мерзімдері мен сапа мәселелері талқыланды.

Жаңа ғимаратта екі қабатта қалалық сот орналасады, ал үшінші қабатты прокуратура алады деп жоспарлануда. Келушілер үшін барынша қолайлы жағдайлар жасалады. Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолжетімді ортаны қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.

Қарағанды облыстық соты баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button