АймақБұқар жырауРесми

Қарағанды облысында үздік ауыл әкімі анықталды

Қарағанды облысында «Үздік ауыл әкімі» республикалық байқауының өңірлік кезеңінің қорытындысы шығарылды. Бұхар жырау ауданы Орталық ауылдық округінің басшысы Самат Мейірманов жеңімпаз атанды.

Өңірлік деңгейде байқауға қатысу үшін барлығы 12 мемлекеттік қызметші құжат тапсырды.

Әр үміткердің «Мен неге «Үздік ауыл әкімі» атағына лайықпын»  тақырыбындағы эссесінің, ауылдық аумақтарды дамыту бойынша жобалық жұмыстың және әңгімелесудің бағасы негізінде Бұқар жырау ауданының Орталық ауылдық округінің әкімі Самат Мейірманов байқаудың өңірлік деңгейінде жеңіске жетіп, республикалық кезеңге жолдама алды.

– Мемлекеттік қызметте мен 2014 жылдан бері жұмыс істеп келем. Ал мұндай байқауға алғаш рет қатысып отырмын. Ауданның барлық жақын ауылдарында бассейн жоқ, ал бізде ол бұрын болған. Менің жобам-бассейнді қалпына келтіру болды. Сондай-ақ, Мәдениет үйінің жергілікті ғимараты оның жұмыссыз тұрған жартысында ДСК жабдықтауға арналған. Қазір мен республикалық кезеңге дайындалып жатырмын. 15 тамызға дейін бәрін жасау керек. Ал байқаудың нәтижелері қыркүйектің 20-сында белгілі болады,  – дейді Бұқар жырау ауданы Орталық ауылдық округінің әкімі Самат Мейірманов.

Естеріңізге сала кетейік, «Үздік ауыл әкімі» республикалық байқауы 25 мамырда басталды. Ол екі кезеңнен тұрады – аймақтық (облыстық) және республикалық. Өңірлік байқаулардың жеңімпаздары тамыз айында екінші деңгейде бақ таластырады.

Басқа материалдар

Back to top button