ЖаңалықтарКоронавирусОблыс әкіміПрезидентРесми

Жеңіс Қасымбек Президентке Қарағанды облысындағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы баяндады

Жеңіс Қасымбек Президентке Қарағанды облысындағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы баяндады. Коронавируспен ауырудың төмендеу тенденциясы байқалады, сауыққан пациенттердің саны өсуде. Жалпы жағдай тұрақтануда. Төсек орындар, дәрі-дәрмектер қоры құрылды.

Тұрғындардың стационарларға, емханаларға және жедел жәрдемге жүгіну саны азаюда.

Қазір өңірде провизорлық және инфекциялық госпитальдарда 4 427 төсек орын бар, оның ішінде 1 746 орында науқастар ем алып жатыр. Инфекциялық стационарлардағы жүктеме үлесі – 38%, провизорлықта – 42%.

Госпиталь ретінде қонақ үйлер де, жоғары оқу орындарының жатақханалары да тартылған болатын. Олар консервацияланады. Дегенмен COVID-19 екінші толқыны болған жағдайда науқастарды орналастыра алатындай етіп материалдық-техникалық жабдықтар сол жерде қалады.

Жедел жәрдем шақыруларының саны әлі де төмендеуде. Егер ең қарқынды күндері – маусымның соңы және шілде айының басында ЖРВИ және пневмония белгілері бар науқастар үшін шақырулар саны 2,5 мыңға дейін болса, қазір барлығы 320 шақыру тіркеліп, 100-ден аз адам ауруханаға жатқызылды.

Биылғы жылдың қыркүйек айында Жезқазған қаласында 300 төсектік модульдік аурухананың құрылысы басталады. Жұмысты қараша айында аяқтау жоспарлануда.

Сондай-ақ, Шахтинскідегі жұқпалы аурулар бөлімшесін жөндеу жұмыстары жалғасуда, Балқаш және Жезқазғандағы жұқпалы аурулар ауруханаларын және Теміртаудағы провизорлық бөлімшені жөндеу үшін ЖСҚ мемлекеттік сараптамасы аяқталуда.

Covid-19 болжамды екінші толқынына дайындық жүргізуде медициналық мекемелерді материалдық-техникалық қамтамасыз ету басым бағыт болып қала береді.

Соңғы аптада облыста 1 300 оттегі концентраты, 90 ӨЖЖ, 645 пульсоксиметр және 25 заманауи рентген-аппарат алынды. Медициналық газ берудің сегіз жүйесін орнату жоспарлануда.

Күзгі-қысқы кезеңде тағы 1 500 пульсоксиметр, 500 оттегі концентраторы сатып алынады.

Қыркүйек айында республикалық бюджет есебінен Қарағанды облысына 302 ӨЖЖ-аппараттар сатып алуға қаражат бөлінеді.

Қыс айларының басында облыста тағы бес компьютерлік томограф сатып алынады.

Ауруханалар мен емханаларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге көп көңіл бөлінеді.

Басқа материалдар

Back to top button