Жаңалықтар

Кемшіліктер анықталды

Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы облыстың табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасында, облыстың құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасында және ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы ісшараларды және салықтық әкімшілік етуді жүзеге асыру тиімділігінің мемлекеттік аудиті және сараптау-талдамалы іс-шарасын жүргізді.

Көрнекі сурет

 Аудиторлық іс-шараның қорытындылары бойынша 206 023,6 мың теңге сомасына Қазақстан Республикасының бюджет және өзге заңнамасының бұзушылықтары анықталды. Оның ішінде, бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану сомасы – 181 219,2 мың теңге.

Өңірде қоршаған ортаны қорғау саласында бірқатар проблемалардың барын атап өту қажет: улы заттарды шығару және пайдаға асыру (полихлордифенил, цезий 137, сынап және басқа қауіпті химиялық заттар), тазартқыш ғимараттардың және кәріз жүйелерінің жоғы және апатты күйі, ҚТҚ пайдаға асыру, су объектілеріне шығарылатын ластандырғыш заттар салмағының өсуі.

Өңірдің экологиясын жақсарту үшін мемлекет пен табиғатты пайдаланушылардың мүдделерін ескерумен, ден қою және ынталандырушы әсерінің кешенді шараларын қолдана отырып, ластандыру көздеріне бақылауды күшейту талап етіледі.

Аудит қорытындылары Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында қаралды. Нәтижесі бойынша уәкілетті органдарға және мемлекеттік аудит объектілеріне анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою жөнінде нұсқамалар, сонымен қатар бюджет және өзге заңнаманы орындау, қаржылық тәртіпті арттыру бойынша ұсынымдар жолданды.

Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы.

Басқа материалдар

Back to top button