Жаңалықтар

Облыста цифрлық сауаттылыққа 30 мыңнан астам тұрғын оқытылды

Адами капиталды, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының бағытын дамыту мақсатында облыста халықты цифрлық сауаттылыққа оқыту жалғастырылуда.

Бүгінгі күні 30 641 адам оқытылды және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректеріне сәйкес облыстағы цифрлық сауаттылық деңгейі 78,5%-ды құрады.

Ағымдағы жылы оқыту онлайн-платформада:

  1. Базалық сандық дағдылар;
  2. Ақпараттық қауіпсіздік дағдылары;
  3. Электрондық сауда;
  4. Онлайн қызметтердің POST.KZ гипермаркеті;
  5. Ашық үкімет;
  6. Электрондық үкімет және электрондық мемлекеттік қызметтер дағдылары бойынша жүргізіледі.

Цифрлық сауаттылықты оқыту бейнероликтерімен https://digitalkz.kz/kursy/ сілтемесі бойынша танысуға болады.

Басқа материалдар

Back to top button