Жаңалықтар

«Қазақмыс» корпорациясы Балқаш қаласының оқушыларына 300-ге жуық ноутбук сыйлады

«Қазақмыс» корпорациясы балқаштық мектеп оқушыларына 300-ге жуық ноутбук және шамамен 60 роутер сыйлады. Балаларға техника өтеусіз негізде берілді, себебі бірінші тоқсанда олар қашықтықтан оқитын болады.

Қаланың 13 мектебінің әлеуметтік осал отбасыларының балалары гаджеттер алды.

– Компания басшылығы шешім қабылдап, 281 ноутбук және 58 роутер сатып алынды. Олар Балқаштың 13 мектебіне берілді. Біз көмек уақытылы көрсетілді деп санаймыз. Біздің балалар енді қашықтықтан оқи алады, – деп «Казахмыс Смэлтинг» ЖШС техникалық директоры  Гулам Камирдинов атап өтті.

Компания мұндай сыйлықтарды Жезқазған және Сәтбаев мектеп оқушыларына да жасады. Ұйым жалпы 922 ноутбук және 201 роутер сатып алды. Бұған 190 млн теңге бөлінді.

Басқа материалдар

Back to top button