Қарағандылық жүздеген бала #AulaFit спорттық жобасына қатысты

Бокстан олимпиада чемпионы, ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев #AulaFit акциясын бастады. Оның идеясы — қазақстандықтардың тұрғын үй кешендерінің аулаларында кәсіби жаттықтырушылармен спортпен шұғылдану мүмкіндігіне ие болып, оның тегін болуында. Жоба Нұр-Сұлтан мен Алматыда басталды, енді оған басқа өңірлер де қосылды.

Қарағандыда спорт мектептерінің жаттықтырушылары күн сайын 17 тамыздан бастап, таңертең және кешке қаланың әртүрлі аудандарының жас тұрғындарымен сабақ өткізеді.

Кеше, 27 тамызда жекпе-жек мектебінің оқытушылары AulaFit жобасы аясында ұйымдастырылған балаларға арналған ашық жаттығу өткізді. Шара «Орбита» шағын ауданында,  №86 орта мектептің футбол алаңында өтті.

Жаттықтырушылар мұндай сабақтарды тек қалада немесе Оңтүстік-шығыста ғана емес, сонымен қатар Майқұдықта, Пришахтинск және басқа да шалғай аудандарда өткізеді.

Барлық қатысам деушілерге арналған ашық ауадағы жаттығулар балалар мен жасөспірімдердің қызығушылығын тудырады. Олардың әрқайсысына ондаған жас спортшылар қатысады.

– Бүгінгі жаттығуға құрбымды алып келдім, – деді Қарағанды жекпе-жек мектебінің тәрбиеленушісі Екатерина Серемак. – Ұзақ уақыт бойы оны үгіттедім. Өзім кикбоксингпен айналысамын. Бізде қыздар аз және спарринг серіктестерімен қиын. Біз бүгін жақсы қимылдадық. Ең бастысы, менің досым София кикбоксингпен айналысу туралы нақты шешімге келді. Енді біз жұпта жаттығу жасай аламыз. Бұл керемет!