Жүйелі жұмыстар жалғасуда
Жақында облыс әкімінің орынбасары Абзал НҮКЕНОВТІҢ басшылығымен облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері қалалық №1 қарттар мен мүгедектер үйіне және №2 психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесіне барған болатын. Төтенше жағдай уақытында мамандардың мұрындық болуымен жүзеге асқан жұмыстармен танысты.
Қарттар мен мүгедектер мекемесіне Шахтинск қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі арнайы мониторинг тобының өкілі Юлия Лущ және «Позитивное развитие» мекемесінің басшысы О.Панасиди барды. Кездесу барысында қарттардың өмір сүру жағдайы, тамақтануы, медициналық қызметтерді алуы жөніндегі мәселелер көтерілді. Қызмет алушылардың мамандардың тамақтану, медициналық қызмет көрсетуіне қатысты пікірлері оң болды. Барлық санитарлық талаптарға сай келетін бөлмелерінің бар екенін тілге тиек етті. Мекемеде қазіргі таңда атап айтсақ, жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге, психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан адамдарға медициналық-әлеуметтік қызметтердің 8 түрі толық көлемде көрсетіледі. Оның ішінде тұрмыстық, медициналық, психологиялық, экономикалық және тағы басқа қызметтер қамтылған. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуден басқа, медициналық-әлеуметтік мекемелерде әрбір қызмет алушының жеке басының дамуы үшін барлық жағдай жасалуда.
Мысалы, №1 қарттар мен мүгедектердің медициналық-әлеуметтік мекемесінің қызмет алушысы, спорт ардагері, каратэ-додан қара белбеу иегері Мұхтар Мәдалиев шығыс жекпе-жегімен айналысады. Қызмет алушы Наталья Звягинцева үш жыл бұрын паралимпиадалық жүзуден Мексикада өткен әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алған. Кездесу барысында Абзал Нүкенов қызметкерлердің еңбек жағдайларына көңіл бөлді. Оларға қажырлы еңбегі мен жоғары жауапкершілігі үшін алғыс білдірді. Жүйелі жұмыстардың орындалу барысына тоқталды.
Сондай-ақ, жақында облыс әкімінің орынбасары онлайн режимде өткізген МӘМ басшыларының қызметтері және 2019 жылдың және 2020 жылдың 1 жартыжылдық қорытындылары бойынша бюджет қаражатының игерілуі жөніндегі есептерін тыңдады. Карантиндік шараларды сақтау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар талқыланды.
Сонымен қатар, облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясының облыс халқының әлеуметтік әлсіз топтарын қолдау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы (мүгедектер, мүгедек балалар, жетім балалар, зейнеткерлер, жұмыссыздар, ауған жауынгерлері, сотталғандар, паллиативтік көмек, инклюзия және т.б.) сұрағы бойынша онлайн-конференция режимінде отырысын өткізді. Аталған отырыста облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ә.Жүніспекова медициналық-әлеуметтік мекемелер қызметінің жұмысына тоқталған болатын.
Аяулым СОВЕТ.