Спорт

Триатлон: жарыс кестесі белгіленді

Токиодағы Олимпиада және Паралимпиада ойындарын ұйымдастыру комитеті 2021 жылғы доданың жарыс кестесін бекіткен болатын.

Триатлоншылар додасы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатынан кейін үш күннен соң басталады. 2021 жылдың 26 шілдесі күні Токио уақытымен таңғы сағат 06:30-да ерлер арасындағы бәсеке бастау алады. Әйелдер 27 шілде күні жарыс жолына шығады. Ал тұңғыш рет өткізілетін аралас эстафета 31 шілдеге жоспарланған. Айта кетелік, Токио Олимпиадасының жарыс кестесі кейбір ұйымдастыру ісіне байланысты аздаған өзгеріске ұшырады.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button