Жаңалықтар

«БОЛАШАҚ» түлектерді күтеді

Мектеп бітірген түлектердің басым бөлігі халықаралық «Болашақ» бағдарламасы арқылы білім алуды жоспарлайтыны анық. Талапкерлер асыға күткен бағдарлама шеңберінде оқуға ұсынылған басым мамандықтардың биылғы тізімі белгілі болды.

UNESCO-ның білім берудің халықаралық стандартты жіктемесінің 10 бағыты бойынша академиялық оқу бағдарламалары (магистратура, докторантура және резидентура) үшін 85 мамандық, тағылымдамаға 95 мамандық енгізілді.

Аталмыш тізім еліміздің еңбек нарығындағы қажеттіліктердің орта мерзімді болжамын ескеруге бағытталған. Сондай-ақ, әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы мамандықтарға басымдық беру мақсатында сандық үйлестіру көзделген.

Бағдарлама шеңберінде оқуға QS, ARWU, Times Higher Education, The U.S. News Best Global University халықаралық рейтінгтерінің кемінде екеуінің TOP-100 құрамына кіретін және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдердегі университеттердің US News Global рейтингісінде кемінде 65 жаһандық балға ие 138 жоғары оқу орны бекітілгенін айта кеткен жөн.

Халықаралық стипендияны тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды тапсыруды автоматтандыру арқылы «Электрондық үкімет» жүйесінде үміткердің сауалнама мәліметтерін автоматты жүктеу қарастырылған. Осыған орай, үміткердің сауалнамасы egov.kz жүйесінде автоматты түрде құрылады және үміткердің электронды цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦҚ) расталады. Құжаттарды қабылдау 2020 жылғы 31 қазанға дейін жүргізілмек.

Аяулым СОВЕТ.

Басқа материалдар

Back to top button