Қарағанды

Түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Қарағанды облысының су айдындарында адам өлімін болдырмау мақсатында түсіндіру жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде.

«Қазгидромет» ескертулеріне және коронавирус пандемиясына байланысты енгізілген шектеулерге қарамастан, облыс халқы демалуға, соның ішінде су айдындарына белсенді түрде баруды жалғастыруда.

Демалыс күндері су айдындарында адамдардың қаза болуын болдырмау мақсатында, сондай-ақ ыстық ауа-райына байланысты Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері оқыс оқиғаның алдын алу мақсатында облыстың барлық аумағында халықтың демалуы мен шомылуына рұқсат етілмеген орындарда рейдтер жүргізді.

Аталған рейдтерге жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, полиция қызметкерлері, волонтерлер және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері тартылды. Азаматтарды қосымша аралап, хабардар ету мобильді хабарландыру кешенімен (МКҰ) өткізілді.

25 шілде күні Жезқазған қаласы Кеңгір су қоймасын патрульдеу кезінде ТЖД Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жағадан алысқа жүзіп бара жатқан және өз бетімен қайтып келе алмаған 1998 жылы туған екі адамды құтқарды.

Қарағанды облысының су айдындарында күнделікті профилактикалық жұмыстар жүргізілгеніне қарамастан, судағы қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзу жағдайлары да орын алуда.

Сонымен, 26 шілдеде Саран қаласы маңында орналасқан тас карьерде ТЖ бөлімі және полиция бөлімі қызметкерлері түсіндіру нұсқамаларын жүргізді, сондай-ақ, су айдындарында жүріс-тұрыс қағидалары туралы жадынамалар таратылды.

Алайда, мас күйінде қауіпсіз жүріс-тұрыс шараларын елемеген 1989 жылы туған ер адам суға секіріп, жарақатпен Қарағанды қаласының ауруханасына жеткізілді.

ТЖД аумақтық бөлімшелері көрсетілген кезеңде 26 алдын алу рейдтерін және суға түсу үшін рұқсат етілмеген және қауіпті жерлерге 75 патрульдеуді жүргізді, олардың нәтижелері бойынша 9 әкімшілік құқық бұзушылық және қараусыз 10 кәмелетке толмаған құқық бұзушылық анықталды. Алдын алу іс-шараларын өткізуге 53 қызметкер және 27 бірлік техника жұмылдырылды. Рейд барысында тұрғындарға 600-ден астам үгіт-насихат материалдары таратылды.

Бүгінгі таңда полиция департаменті қызметкерлерімен бірлесіп 766 профилактикалық рейдтер, су айдындарында және стихиялық жағажайларда жаппай демалыс орындарында демалушылардың қоғамдық орындарда тәртіп ережелерін сақтауы бойынша 2462 патрульдеу жүргізілді. Олардың нәтижесінде 160 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Суға шомылу маусымы кезінде ықтимал оқиғалардың алдын алу жұмыстары жалғасуда және ерекше бақылауда. Қарағанды облысының ТЖ департаменті халықты су айдындарында сақ болуға, балаларды қараусыз қалдырмауға, сондай-ақ өз өмірін сақтау мақсатында қауіпсіздік шарттарын сақтауға шақырады.

Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button