Ғибрат

100 түп ағаш отырғызды

Қарағандыдағы Достық үйі аумағында Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Қазақстан халқының бірлігі және Ұлы Жеңіс күніне орай, ағаш отырғызу ак- циясы өтті.

Бұл күні акцияға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұрлан Дулатбеков, облыс әкімінің орынбасары Асxат Аймағамбетов, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қадиша Оспанова, облыстық Ассамблея төрағасының орынбасары Бекзат Алтынбеков жастарды бастап келіп, қарағай, қайың, терек және алма ағаштарын отырғызды. 100 түп ағаш егілген аллеяға «Достық аллеясы» атауы телінді.

Қарағандыда «Достық аллеясын» отырғызу бастамасы 2000 жылы орталық саябақта жүзеге асырылды. Осы оқиғаға қатысушылардың бірі – Қарағанды облысы кәріс этномәдени бірлестігінің төрағасы Лилия Ким бүгін акцияға төрт жасар немересі Эмилиді ерте келіпті.

– Қазақстан халқы Ассамблеясы сүйікті қаламызды көгалдандыру мен экологияны жақсартуға белсенді атсалысуы қуантады. Менің ойымша, бұл айтулы оқиға, өйткені, ағаш өсіп жемісін берсе, немерелеріміз өз жетістіктерімен қуантады. Бір күні бүгінгі отырғызылған алма ағашы оның есіне осы күнді салады, – деді ол.

Ұрпақтар сабақтастығы туралы айта келе, қаланы көгалдандыруға өз үлестерін қосқан «Жаңғыру жолы» жастар штабының мүшелері де өз көшеттерін отырғызғанын атап өткен жөн.

«Казачья вольница» этномәдени бірлестігінің жетекшісі Семен Раковтың айтуынша, бұл акция ағаш отырғызумен тәмамдалмайтынын, енді отырғызылған ағаштарды күн сайын баптау шаруалары басталады. Ол этномәдени бірлестіктердің ағаштарды баптауға арналған кезекшілік кестесін құру керектігін де айрықша атап өтті.

– Әр азамат өмірінде ағаш егуге, үй тұрғызуға және ұрпақ қалдыруы міндет. Бүгін мінеки жастар ағаш екті, енді үй салуға тырысады, кейін, ақырындап үйленіп, ұрпақ қалдырады бұйырса, – деп жұртты астарлы әзілімен күлдіре келе, акцияның мәнін түсіндірді ҚР Парламенті Мәжілісінің депу- таты Нұрлан Дулатбеков.

Орайы келгенде шараға қатысушылар осы идеяның жүзеге асуына айрықша қолдау көрсеткен «Имсталькон» компаниясының басшысы, ҚХА кеңесінің мүшесі Иван Георгиади мырзаға айрықша алғыстарын жеткізді

Жәлел ШАЛҚАР.

Басқа материалдар

Back to top button