Жаңалықтар

28 қазан күні Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізіледі

Ертең, 2022 жылдың 28 қазанында Қарағанды қаласы Қазыбек Би ауданында (Казахстанская к-сі, Крылова к-сіЯкуба Колоса к-сі) шартты терроризм актісінің алдын-алу және оның салдарын жою бойынша терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өткізіледі.

Шараның мақсаты – терроризмге қарсы күрес жөніндегі Қарағанды облыстық жедел штабы алдына қойылған міндеттерді орындау үшін қажетті күш пен құралдардың дайындығын тексеру.  

Қала қонақтары мен тұрғындарын сабырлық сақтап, үрейге бой алдырмауларын сұраймыз.  

Қарағанды облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы

Видеоны көру үшін сілтемені басыңыз.

Басқа материалдар

Back to top button