Балқаш

Балқаштағы ауқымды жоба

Балқашта туризмді дамытуға билік тарапынан баса көңіл бөлінуде. Бүгінде халықаралық мамандардың қатысуымен курорт аймағының жоспары түзілді.

Жоспар шеңберінде жағалаудан 93 гектар жер қамтылды. Бертіс және Қаракөл шығанақтарының аумағындағы 600 гектар жер де жоспарға енгізілуде. Яғни, мұндағы саяжайлардың орнына туризм нысандары тұрғызылады.

Қазіргі таңда кәсіпкерлер өз қаражатына Барковский демалыс аумағына су құбырлары мен кәріз жүйелерін тартуда. Желі келер жылы іске қосылмақ.

Сондай-ақ, биыл инвестиция есебінен Балқаш әуежайындағы ұшу-қону жолағын жөндеу жұмыстары қолға алынды. Бұл, әрине, өңірдің туристік тұрғыдағы тартымдылығын арттыра түспек.

Әзірге, Балқашта бес жүз адамға шақталған 9 демалыс орны жұмыс істеп тұр. Бұдан бөлек, үш жүз орындық 6 нысан құрылысы жоспарлануда. Аталған жобаларға 500 млн. теңге инвестиция құйылды.

Қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің мәліметінше, биыл Балқаш жағалауында 14 мыңнан астам турист демалған. Табыс көлемі 130 млн. теңгені құрап отыр.

Нұрқанат ҚАНАФИН,
«Орталық Қазақстан»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button