Білім басқармасында – жаңа басшы
Білім басқармасының бұрынғы басшысы Есенғазы ИМАНҒАЛИЕВ жаңа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен кетті. 2019 жылдан бастап Қарағанды қаласы білім бөлімінің басшысы болған Гүлсім ҚОЖАХМЕТОВА облыстың білім басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
Гүлсім Шабданқызы – Сәтбаев қаласының тумасы. 1994 жылы Жезқазған педагогикалық институтын «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Сәтбаев қаласының №19 орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған. 2006 жылы мемлекеттік қызметке келіп, Сәтбаев қаласының білім бөлімінде әдіскер болып жұмыс істеді. 2008 жылы бөлімнің бас маманы болды.
2012 жылдан бастап 2019 жылға дейін «Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК директоры қызметін атқарды. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Қарағанды қаласының білім бөлімінің басшысы болды.
Аяулым СОВЕТ.