АймақЖәдігерШет

Көне баспа машинкасы

Шет аудандық археологиялық-этнографиялық мұражайында көне баспа машинкасы тұр.

Қазіргі замандағыдай IT технологияның жоқ кезінде бұл жазба машинкасының бәсі бүгінгі ақпараттық технологияның жеміс компьютер, ноутбуктерден бірде-бір кем болмаған. Кезінде бұл жазба машинкалары шығармашылық адамдарының да талай мақала очерктері мен өзге де туындыларына өмір бергені ақиқат. Осынау құнды жәдігерді 2010 жылы аудандық мұражайға Кеншоқы ауылының тұрғыны Гүлбаршын Әшкербекова табыстаған. Қазіргі таңда құнды мұра мұражайға келген үлкенді-кішілі қауымға көненің көзіндей болып, сол уақыттың жазба техникалары қандай болғанынан сыр шертіп тұр.

Думан ҚАБЫЛ.

ШЕТ ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button