БаспасөзРуханият

Жігерді жаныған «Жігер»

Қазақ журналистикасының қайреткер ұлдарының бірі – Бейсен Құранбектен қапыда көз жазып қалғанымызға да қырық күн болыпты. Өмірі өнегеге толы белгілі журналистің берері мол еді. Халықтың әлеуметтік деңгейін бір кісідей көтерді десек те болады. Эфирдің жарық жұлдызына айналған белгілі журналист, тележүргізуші, қоғам қайраткері Бейсен Құра нбек атындағы журналистер арасындағы «Жігер» сыйлығын ұйымдастырыпты ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі.

Жас журналистерді қолдау және олардың қызметін ынталандыру, сондай-ақ әлеуметтік маңызды тақырыптармен айналысатын БАҚ-тың жұмысы аясында Бейсен Құранбек атындағы «Жігер» жастар сыйлығы лауреаттарының есімдері белгілі болды.

Сонымен, «Жігер» жастар сыйлығының Мерей Шохманова (“Хабар 24” ТК, “Әлеуметтік тақырыптағы үздік ТВ сюжеті” аталымында), Азамат Қасым (“Egemen Qazaqstan” газеті, “Әлеуметтік тақырыптағы үздік мақала”), Ақжелең Рахатдинқызы (“Алматы” ТК, “Әлеуметтік тақырыпта ең үздік жарияланым” (әлеуметтік желіде), Ольга Бугаева, (АА “Pavlodarnews.kz”, “Әлеуметтік тақырыптағы үздік фотосурет” аталымында) алғашқы иегерлері атанды.

Байқау үздіктерін арнайы құрылған қазылар алқасының мүшелері айқындайтын болады. Қазылар алқасының құрамына еліміздің медиа саласының дамуына елеулі үлес қосқан танымал медиа менеджерлер, журналистер, қоғам қайраткерлері анықтады.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button