Руханият

27 ақпан – салт-дәстүр күні

Сурет: Н.Сұршаұлынан

Өзекті тұсы нарқымның,
Ұлтымның бедел, айбыны.
Салт-дәстүрі халқымның –
Ұрпақтың басты байлығы.

Атаның жолын жалғастыр,
Ананың тілі – бал бұлақ.
Бабадан қалған мол дәстүр.
Балаға қонса – зор мұрат.

Әз дәстүр бойды толқытса,
Даңғылға басар ардағы.
Жас ұрпақ игі жол тұтса,
Салтымның сол ғой салмағы.

Ұлтының кенен қайнары,
Ғұрпына болса кім ие.
Ата салт,дәстүр қаймағы –
Қазақы мынау дүние.

Әдеп-гұрпыңды ардақта,
Жас кеуде, жалын ән бүркіп.
Салтыңды дәйім салмақта,
Дәстүрін елдің жаңғыртып.

Халықтың құт тұт танымын,
Тамыры жатыр көнеде.
Салт-дәстүр – сөнбес  тағылым.
Салт-дәстүр – өлмес өнеге.

Тарихтың тіні безбендер,
Салтына ел жоқ тойынар.
Ата дәстүрден безгендер,
Өзі де бір күн жойылар.

Жадыңда мұны тұмар тұт,
Ұлтыңа нұр төк, жалында.
Сәулелі салтқа құмартып,
Дәстүрден,ұрпақ, жаңылма.

Наурызбай ЖАРБОСЫНҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button