Жаңалықтар

Әскери кафедралардың студенттері қашықтан оқиды

Күрделі эпидемиологиялық жағдай кезеңінде Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің әскери кафедрасында оқыту дистанциялық әдістеме бойынша жүзеге асырылады.

– Әскери кафедрада оқу жиыны онлайн-режимде өтеді. Вебинарлар мен сабақтардың тікелей трансляциясы ұйымдастырылды. Оқытушылар оқу бейнефильмдерін, презентацияларын электрондық қоймаларға енгізеді. Кері байланыс электрондық нұсқада – үй тапсырмалары, есептер, конспектілер мен тест түрінде жүзеге асырылады, – деді ҚарМТУ әскери кафедрасының бастығы полковник Мұрат Дарманқұлов.

Карантиндік іс-шараларға байланысты студенттерге арналған атыс дайындығы мен жауынгерлік машиналарды жүргізу бойынша тәжірибелік сабақтар келесі оқу жылына ауыстырылды.

Қазіргі уақытта курсанттар екі циклде оқиды: “Артиллерияны жауынгерлік қолдану”, “Танк бөлімшелерін жауынгерлік қолдану”.

ҚарМТУ әскери кафедрасынан 66 жыл ішінде 20 мыңнан астам запастағы офицерлер мен сержанттар өтті. Олардың көбі ҚР Қарулы Күштерінде және басқа да күштік ведомстволарда қызмет етуде.

Басқа материалдар

Back to top button