Жаңалықтар

Бір жылда тегін 13 мың ота жасалды

Былтыр Қарағанды облыстық клиникалық аурухана дәрігерлері 3841 жоспарлы және 9211 шұғыл ота жасаған. Бұл – МӘМС аясында, ал, шұғылы – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бойынша көрсетілді. Бұл туралы Медициналық сақтандыру қоры Қарағанды филиалы баспасөз қызметі хабарлады.

Ресми деректердің мәлімдеуінше, ең жиі кездесетін оталар омыртқааралық жарық, қалқанша бездегі қатерлі ісіктерді жою, өт қабын лапароскопия тәсілмен алып тастау, лапароскопиялық аппендэктомия, аяқ-қол, өкпе және бронх, жамбас мүшелеріне хирургия, уретралды стенттеу.

– МӘМС арқылы бүйрекке, көкбауырға, бауырға және өттің шығу жолдарына лапароскопиялық, асқазанға реконструктивті, бариатриялық операциялар (семіздік кезінде) жасалады. Шұғыл көмек мәртебесіне қарамастан тегін көрсетіледі. Дәрігерлердің басты міндеті – науқастың денсаулығына, өміріне төнген қауіпті жою, – дейді хирургия бойынша ОКА директорының орынбасары Борис Цхай.

Сақтандыру қоры шұғыл медициналық көмектің жіті аурулар мен созылмалы аурулардың кенеттен асқынуы кезінде көрсетілетінін атайды.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button