Жаңалықтар

“Жылан бауырын көтерсе…”

«Жаңа туған ай шалқасынан жатса, ауа райы жайсыз болады» деген сынды халық арасында табиғи құбылыстар хақында түрлі болжам бар. Бұл халықтың табиғатпен етене жақын болғандығын аңғартады. Жуырда әлеуметтік желіден қыстың күні қар үстінде жүрген жыланның бейнежазбасын көріп, таң қалдық. «Жылан бауырын көтерсе, ел толқиды» деген сөзді алға тартып, елдегі күрделі жағдаймен байланыстырғандар да болды.

Жазба желіге 3 қаңтарда жүктелген. Қыс ортасында қар бетіне шыққан жыланның бейнежазбасы қызу талқыға түсті. Бұл туралы сайттар да жазды. Алайда, тараған жазбаның қайда түсірілгені белгісіз. Көпшілік түрлі болжам айтуда. Біреулер жыланның қыста бой көрсетуін жайсыздыққа баласа, енді бірі жыланның негізінде ақты баспайтынын ескеріп, бір өзгерістің болатынын айтады. Оқырмандардың басым бөлігі бірқатар тарихи оқиғалар орын аларда жыландардың қыста осылай көрінгенін тілге тиек етіп жатты. Десек те, елдің басым көпшілігі «бұл оқиға жай ғана қыстың жылы болатынын көрсетеді» деп топшылауда. «Жақсы ниет – жарым ырыс» демекші, біз де мұны жақсылыққа баладық. Оның үстіне жуырда, әлеуметтік желіден қар астынан бүр жарып келе жатқан бәйшешекті де көргенбіз.

Бұл – жақсы жаңалықтың лебі екені анық. Ал, Сіз қалай ойлайсыз?

Жәлел ШАЛҚАР.

Басқа материалдар

Back to top button