Жаңалықтар

Қарағанды облысында 30 гектардан астам жер өртеніп жатыр

Қарағанды облысында  30 гектардан астам жер өртенуде. Өртсөндірушілер қатты желдің әсерінен 12 сағаттан астам уақыт бойы жалынды өшіре алмай жатыр, – деп хабарлады Бақ.kz

Кеше түннен бері Қарағанды облысының Абай ауданы, Құлайғыр елді мекенінің аумағындағы дала жалынға оранған. Жаманжол ауылынан оңтүстікке қарай 20 шақырым қашықтықта тұтанған өртті ауыздықтау қиындық туғызуда. Алдын ала мәліметтер бойынша жалын 30 гектардан астам аумаққа жайылып кеткен.

«28 қазан күні түнде кезекші бөлімге 01 сағат 50 минутта Абай ауданында құрғақ шөптің өртеніп жатқандығы жайлы xабарлама түскен. Жалынды ауыздықтауға Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментінің 5 арнайы теxникасы мен 23 өрт сөндіруші жұмылдырылған», – дейді облыстық төтенше жағдайлар қызметінің ресми өкілі Жанна Дәуренбекова.

Оның айтуынша, тілсіз жауды сөндіруге еріктілер де атсалысып жатыр. Қатты жел мен жалынның үлкен аумағы өртті ауыздықтауға кедергі болуда. Өрттің қайдан шыққаны әзірге белгісіз. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

«Қазгидромет» РМК-нің xабарлауынша бүгін аймақта желдің ұйытқуы секундына 23 метрге дейін жетеді.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button