Жағымды жаңалық

Оқушылар ел қоржынын еселеді

Халықаралық Азия-Тынық мұхиты математика олимпиадасына қатысқан қазақстандық оқушылар ел қоржынына 40 медаль салды. Атап айтқанда, жүлде қоры 5 алтын, 13 күміс және 22 қола медальмен толықты. Білім жарысына Қазақстанның әр аймағынан 131 оқушы қатысқан.


Халықаралық зияткерлік сайысқа әлемнің 38 елінен жүздеген оқушы қатысты. Олардың арасында Жапония, Аустралия, Канада, Сингапур, АҚШ, Аргентина, Гонконг, Индонезия, Малайзия, Мексика, Катар, Корея, Түркия елдері бар.
Жарысқа қатысқан Нұр-Сұлтан, Алматы, Қостанай және Қарағанды қаласының оқушылары алтын медальға қол жеткізсе, Ақтау, Атырау, Қызылорда және Павлодар қаласындағы мектеп оқушылары жүлдегер атанды.

Олимпиада жүлдегерлері Қазақстан құрамасының атынан IMO халықаралық олимпиадасына қатысу мүмкіндігіне ие болады.
Оқушылар Қазақстанды халықаралық аренада лайықты көрсете алуы үшін Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» орталығы ел ішінде түрлі деңгейлердегі олимпиадаларды көптеп өткізеді. Академиялық адалдықты қолдау мақсатында конкурс пен олимпиадаларды өткізу кезінде бейнебақылау камералары алынған. Сонымен қоса, ашық әрі әділ болуы үшін олимпиадалар электронды форматқа ауыстырылған.

Еліміздің білімді оқушылары ірі халықаралық олимпиадаларда рекордтық көрсеткішке қол жеткізді, атап айтқанда, 26 медальді ел қоржынына салды.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button