Жаңалықтар

Тексеріс жүргізілуде

Қарағанды облысының ТЖД қызметкерлері жергілікті атқарушы органдар және әлеуметтік қорғау қызметкерлерімен бірлесіп аулаларды аралап, азаматтарға жылыту жүйелерін ұзақ уақыт пайдалануға дайындау, атап айтқанда, пештерді жөндеу, мұржаларды күйеден тазарту қажеттілігі туралы ескерту жүргізуде.

Шара барысында өртке қарсы тақырыптағы жадынамалар таратылуда.

Олар 380 үйге кіріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Үкіметтік емес ұйымдармен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жеке тұрғын үйлерде өрт хабарлағыштарын, улы газ датчиктерін орнату, сондай-ақ жылыту және электрмен жабдықтау жүйелеріне жөндеу жүргізу бойынша жұмыстар жалғасуда.

2018 жылдан бастап халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлерінде барлығы 2039 датчик орнатылды. Айлық 15 қыркүйекке дейін жалғасады.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button