АймақАқтоғайРесми

Келелі кеңес өтті

Nur Otan» партиясы Қарағанды облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қадиша ОСПАНОВА жұмыс сапарымен Ақтоғай ауданында болды.

Сапар барысында Қадиша Базарбайқызы аудандық ардагерлер ұйымының жұмысымен танысып, ауыл қарияларымен сұхбаттасты. Бұдан кейін аудандық мәдениет үйінде партия мүшелерімен кездесіп, алдағы уақытта өтетін праймериз жайында кеңес өткізді.

Кеңесте алдағы праймериздің өтуі, кандидаттардың дебатқа қатысуы және онлайн дауыс берудің механизмдері түсіндірілді. Сонымен қатар, БалқашАқтоғай тас жолының жайы, ауылдардағы интернет мәселесі сөз болды.

Кездесуден соң «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында «Аққыз» бөбекжайы, К.Байсейітова атындағы орта мектеп, сонымен қатар, ауылішілік жолдардың құрылыс жұмыстарын аралап көрді.

Думан ҚАБЫЛ.

АҚТОҒАЙ ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button