РесмиҮкімет

Үш үміткер қатысады

ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына үміткерлерді тіркеу 23 шілдеде аяқталды. Қарағанды облысынан сенатор мандатын алуға үш адам бақ сынайды.

Кандидаттарды ұсыну 13 маусым мен 12 шілде аралығында өтті. Қарағанды облысында жеті өтініш берілді. Тіркеуден оның үшеуі өтті: қазіргі сенатор Сергей Ершов, облыстық мәслихаттың депутаты, «Шахтинск» шахтасының директоры Игорь Ахмеев және «Қарағанды Энергоцентр» ЖШС Бас директоры Андрей Ляпунов.

Екі үміткер өзін-өзі ұсынғандар алға жылжытушы болып табылады. Сергей Ершовтың кандидатурасын сессияда Жезқазған, Сәтбаев және Абай аудандарының депутаттары ұсынды.

Үміткерлер сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарын бастайды. Карантин жағдайында дауыс берушілермен қарым-қатынас онлайн-форматта жүргізілетін болады.

Президент Жарлығымен Сенат депутаттарының кезекті сайлауы 2020 жылдың 12 тамызына белгіленген.

Сенаторларды мәслихат депутаттары сайлайды. Дауыс беру жасырын түрде өткізіледі.

Сайлау туралы заңнама бойынша сенатор лауазымына жасы 30-дан кем емес, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар адам сайлана алады. Сенат депутаты тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не республика астанасының аумағында кемінде үш жыл тұрақты мекендеген болуы тиіс.

Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button