Бақылаудың жаңа бағыты
Қазақстанда жаңа Telegram-бот іске қосылды. Оны пайдаланушылар COVID-19 бойынша қоғамдық бақылау тобына хабарлама жібере алады.
Осы сервистің көмегімен қоғам белсенділері санитарлық нормалар мен карантин шараларының бұзылуы туралы хабарламалар, медициналық мекемелердің қызметіне қатысты шағымдар және медицина қызметкерлерінің жұмыс жағдайын жақсарту жөнінде ұсыныстар ала алады.
Естеріңізге сала кетейік, қоғамдық бақылау тобы – азаматтық бастама. Оның мақсаты – дәрігерлердің жұмыс жағдайына мониторинг жасау және медициналық мекемелерде пациенттерді емдеу, гуманитарлық көмекті бөлуге мониторинг жасау, пандемия жағдайында әлеуметтік және медициналық көмек алуда азаматтардың құқықтарының сақталуын бақылау.
Қоғамдық бақылау Қазақстанның барлық облыстарында іске қосылып, Денсаулық сақтау министрлігі мен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауына ие болды.
Өз тілшімізден.