Руханият
Ертәуіл
Газетіміздің 11 шілде күнгі №74 (22 815) санындағы сауалымызға жауап келді. Дұрыс жауапты бірінші жолдаған – Қарағанды қаласының тұрғыны Асылбек СҮЛЕЙМЕН.
Уерд
«Уерд сөзі – Абайдың «Көлеңке басын ұзартып» деп басталатын 6 шумақтан тұратын өлеңінің соңғы шумағында кездеседі. Кітапта «уерд – арабша жай жүрген адамды қиыншылыққа ұшырату» деп түсініктеме берілген. Хакім бұл өлеңінде уақытын салпақтап босқа өткізетін, өзге жандарды да түзу жолдан адастырып, қиыншылыққа тап қылатындарды оңдырмай сынайды. Кемеңгер ақын араб-парсы тілдерін жетік білген. Сондықтан да, оның шығармаларында қарапайым адамдар мәнін түсінбейтін сөздер жиі кездеседі» делінген хатта.
Келесі сауалымызға назар аударыңыз!
«Ертәуіл» деген не?
Сауал сырына үңілген Жәлел ШАЛҚАР.