Спорт

Жеңіл атлетика кестесі жарияланды

World Athletics ресми сайты келесі жылы өтетін Токио Олимпиадасындағы жеңіл атлетика кестесін жариялады.

Олимпиада ойындарында ең көп жүлде осы жеңіл атлетика бәсекесіне тиесілі екенін жанкүйер жұрт жақсы біледі. Мәселен, 2016 жылғы Рио Олимпиадасында 47 жүлде жиынтығы сарапқа салынған болатын. Жаңа кестеге сәйкес, Токио Олимпиадасында жеңіл атлетика додасы 2021 жылдың 30 шілдесінде басталып, 8 тамызда ерлер марафонымен аяқталады. Сондай-ақ, Олимпиада тарихында тұңғыш рет әйелдер мен ерлер арасындағы марафон жеңімпаздарын марапаттау сәті жабылу салтанатында ұйымдастырылмақ. Бір айта кетерлігі, Олимпиада ойындарында жеңіл атлетикадан медаль жиынтығы көп таратылатын күн сенбіге, яғни 7 тамызға тура келіп тұр. Сол күні ерлер арасында диск лақтырудан үш финалдық сын, әйелдер арасындағы 100 метрге және 400 метрге эстафеталық жарыс жоспарланып отыр.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button