АймақЖаңаарқаРесми

Баға саясаты – жіті назарда

Жаңаарқа ауданында баға саясатын бақылау шаралары жүйелі жолға қойылған. Өңір басшысының тапсырмасына сәйкес, құзырлы мемлекеттік органдардың өкілдері аталған мәселеге айрықша мән беріп келеді.

Кеше аудандық полиция бөлімі, аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы және аудандық ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері індет белең алған кезеңде халық үшін қиындық пен келеңсіз жағдайлар туындамауы мақсатында барлық дүкендерде бағаның тұрақтылығын, азық-түлік және өзге де тауарлардың жеткілікті көлемде болуына тексеріс жүргізді.

Сауда орындарының иелері қалыптасқан жүйе бойынша азық-түлік пен басқа да тауар түрлерін тапсырыспен дер кезінде алып отыр.

Он тоғыз түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне аудан әкімі мен кәсіпкерлер арасында жасалған ынтымақтастық меморандумына байланысты 10 пайыздан артық баға қосылмаған.

Аудан кәсіпкерлері осылайша халыққа шынайы жанашыр болып, қолдау көрсетуде.

Жаңаарқа ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button