Коронавирус

Ыстық тамақ үлестірді

«Қарағанды облысы кәріс этномәдени бірлестігінің» өкілдері Медицина университетінің вирус жұқтырған науқастарға арнайы берген жатақханасына барып, ыстық тамақ пен сусын үлестіріп қайтты. Емделушілер мен бастаманы қолдаған оқу орнының басшылығы ҚХА мүшелеріне ризашылығын білдіріп, ақжарма тілектерін жеткізді.

– Мұндай іс біздің біртұтас халық екенімізді танытады әрі жастарды мейірімділікке тәрбиелейді. Баршамызды уайымға салған бұл індет елімізге оңай тимей тұр ғой. Қандай сын басқа түссе де алдағы күнге сеніммен, бірлікпен барамыз. Ұлт саулығы бәрінен де маңызды. Жерлестерімізді карантин талаптарын сақтап, тәртіпке бағынуға шақырамын. Біз – біргеміз! – дейді бірлестік төрайымы Лилия Ким.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button