Бас тақырыпБасты тақырып

25 қыркүйекте Қарағандының тұрғын үйлеріне жылу беріле бастайды

“Ең бірінші болып Майқұдық, Сұрыптау және Пришахтинск аудандарына жылу беріледі, кейін – Оңтүстік-Шығыс пен қала орталығына жіберіледі. Жылуды беру процесі белгілі бір уақытты қажет етеді. Алдымен ЖЭО-3-те қосымша қазандықтарды іске қосу, ЖЭО-1-ді жағу қажет. Кейін желілердегі суық су ЖЭО арқылы өтіп, қыздырылады да қайтадан құбырларға жіберіледі. Осылайша батареялар біртіндеп жылына бастайды. Жылудың айналымы осылай жұмыс істейді”. Бұл жайлы қала әкімі Мейрам Кожухов әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті. 

Сурет snpoteplopribor.ru

–Жылуға төлем тек ресми түрде үйге жылу берілгеннен кейін ғана есептеледі. Нақтырақ айтқанда, жылу үйлерге демалыс күндеріне қарай жетеді. Бұл тұрғындардың өз үйлерінде жылуды қабылдауына мүмкіндік береді. Сондай-ақ демалыс күндері сыртқы ауа температурасы төмендейді.
Алдымен жылу әлеуметтік маңызы бар нысандарға (балабақшалар, мектептер, ауруханалар) және осы шағын аудан тұрғын үйлеріне беріледі, содан кейін – өтінімдер бойынша үйлерге қосылады.
Ең бірінші болып Майқұдық, Сұрыптау және Пришахтинск аудандарына жылу беріледі, кейін – Оңтүстік-Шығыс пен қала орталығына жіберіледі, – деді Мейрам Кожухов.

 

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button