Бас тақырып
25 наурызға арналған ауа райы болжамы: тұман түсіп, жел күшейеді
Еліміздің батысында, оңтүстік-шығысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады.
«Қазгидромет» 25 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды ortalyq.kz Aikyn.kz. сайтына сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады.
Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты солтүстік өңірде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Сондай-ақ жаяу бұрқасын жүреді.
Еліміздің батысында, оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Еліміздің барлық өңірінде тұман түсіп, жел күшейеді.
Материалды әзірлеген: Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ