Ресми

25 мың көлік заңдастырылды

Бүгінде  шетелдік нөмір таққан 25 мың көлік заңдастырылды. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтып берді.

– Шетелдік нөмір таққан көліктерді заңдастыру 23 қаңтардан басталды. Бүгінде 61 мың азамат көліктерін заңдастыруға рұқсат сұраған. 25 мың көлік иесі тиісті құжаттары мен нөмірлерін алды, –  деп жауап берді Шұғыла Тұрлыбек

Естеріңізге сала кетейік, шетелдік нөмір таққан автокөліктерді заңдастыру рәсімі 1 шілдеге дейін созылады. Жеңіл автомобильдер, шағын және орта автобустар (салмағы 5 тоннаға дейін) мен шағын жүк көліктерді (салмағы 3,5 тоннаға дейін) заңдастыруға рұқсат беріледі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button