Бас тақырыпЖаңалықтар

25 мамырда Қарағанды облысының полицейлері күшейтілген жұмыс режиміне ауысады

25 мамырда қарағандылық полицейлер саябақтар, скверлер, тоғандар мен қала көшелерінде патрульдік қызметті күшейтеді. Бұл балаларды, сондай-ақ мектеп бітіруін тойлап жатқан 9 және 11 сынып түлектерін қорғау мақсатында жасалып отыр.

Сурет: triptonkosti.r

Соңғы қоңыраудан кейін тыйымдарға қарамастан 9 және 11 сынып түлектері дәстүрлі түрде саябақтарда, дәмханаларда және басқа да мекемелерде серуендейді деп күтілуде. Жоғары сынып оқушыларымен болатын түрлі жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін полицейлер күшейтілген жұмыс режиміне көшпек. Олар орталық саябақты, сондай-ақ күн жылы болған жағдайда балалар демалатын су қоймаларын күзетеді.

– 25 мамырда біздң қызметкерлер барлық білім беру ұйымдарында кезекшілік етеді. Сонымен қатар, барлық саябақ аумақтарында полицияның жұмысы күшейтіледі. Сондай-ақ су қоймалары мен азаматтар жаппай демалатын орындарды бақылауға аламыз. Кәмелетке толмағандардың ішімдік ішу фактілеріне келетін болсақ, бізде мұндай фактілер болған жоқ. Бұл жағдайдың алдын алу үшін ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Анықталған жағдайда, ата-аналарды шақырып, тиісті шара қолданамыз, – деді Қарағанды облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Құрманғали Ысмағұлов.

Сонымен қатар, Құрманғали Ысмағұлов ата-аналарға кәмелетке толмаған баланың кешкі сағат 23.00-ден кейін көшеде, дәмхана мен мейрамханаларда жүргені үшін жауапкершілік бар екенін ескертті.

– Кәмелетке толмағандар сағат 23.00-ден кейін қоғамдық орындарда және көшеде болса және 22.00-ге дейін ойын-сауық орындарында ересектердің еріп жүруінсіз болса, ата-аналар әкімшілік жауапкершілікке тартылады – деді Құрманғали Жәрдемұлы.

Сондай-ақ, ПД бастығының бірінші орынбасары мереке күндері басталғалы полицейлер кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларын азайту және балалардың денсаулығы мен өмірін қорғау бойынша басқа да шаралар кешенін атқарып жатқанын айтты.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button