Бас тақырыпЖаңалықтар

Қазақстандықтар наурыз айында неше күн демалады

Наурыз айында екі үлкен мереке – 8 наурыз және Наурыз мейрамы тойланатыны белгілі. 2019 жылдың наурыз айында қазақстандықтарды 14 демалыс және 17 жұмыс күні күтіп тұр, деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасай отырып, Uchet.kz.

Биылғы 8 наурыз мерекесі жұма күніне сәйкес келіп тұр. Сондықтан, Халықаралық әйелдер күні сенбі мен жексенбі күндерін қосқанда  – 8-10 наурыз аралығында, үш күн тойланады.

«Мереке туралы» заң бойынша қазақстандықтардың 21 наурыздан 23 наурызға дейін үш демалыс күні бар. Өйткені, 23 наурыз сенбі күніне сейкес келгендіктен, демалыс күні – дүйсенбі, 25 наурызға ауыстырылды. Яғни, Наурыз мейрамында қазақстандықтар – 21-25 наурыз аралығында бес күн демалады.

Басқа материалдар

Back to top button