Ресми

Құрметті халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері!

Сіздерді Әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері күнімен құттықтаймыз!

Бүгін – өзгелердің проблемасын өз мойындарына бірінші алып, оларды шешуге көмектесетін адамдардың мерекесі. Бұл жақсылық пен мейірімділікті сипаттайтын кәсіби мереке барлығына жанашырлық қажеттілігін еске салатын жақсы дәстүрге айналды. Елімізде жүргізіліп жатқан әлеуметтік саясатты жүзеге асырудағы сіздердің еңбектеріңізге баға жетпес.

Егемендік жылдарында Қазақстанда базалық мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру, жинақтаушы зейнетақымен қамсыздандыру және жауапкершілікті мемлекет, жұмыс беруші мен қызметкер арасында оңтайлы бөле отырып, әлеуметтік көмек үйлесімінде қалыптастырылған халықты әлеуметтік қорғаудың ұлттық деңгейлі моделі құрылды.

Қарағандының әлеуметтік саласының барлық қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл саланың басты байлығы – жоғары кәсібилігі мен керемет адами қасиеттері бар, олардан қарт адамдар, жетімдер, мүгедектер көмек күтетін асыл жандар. Барлық мамандарды жоғары кәсібилігі, ісіне берілгендігі, адамдарға көмекке келуге дайын болғаны үшін алғыс айтамыз. Әсіресе, биыл адамдар қиын кезеңдерді басынан өткерген кезде, сіздер әрқашан оларға көмекке келдіңіздер. Сіздерге зор денсаулық пен амандық, оптимизм мен игілік, еңбектеріңізде табыс тілейміз!

Е.БӨЛЕКПАЕВ,

Қарағанды қаласының әкімі.

Қ.БЕКСҰЛТАНОВ,

Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы.

Басқа материалдар

Back to top button