Құрметті әлеуметтік қорғау саласының қызметкерлері

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

Әлеуметтік қызметкер күні – өзінің саналы ғұмырын мәртебелі және жауапты қызметке арнаған, өзгенің мұң-мұқтажына бейжай қарай алмайтын жандардың мерекесі. Бұл қызмет – риясыз мейірім мен адалдықты, жан жылуы мен жанашырлықты қажет ететін мамандықтардың бірі.

 Біз барлық әлеуметтік қызметкерлерге пандемия кезіндегі қажырлы еңбектері үшін алғысымызды білдіреміз. Осынау күрделі кезеңде сіздер дәрігерлермен бірге өмірлеріңізге төнген қауіпке қарамастан коронавируспен күрестің алдыңғы шебінде жұмыс атқарып жатырсыздар.

Сіздер қарттарымыз бен мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау білдіріп, жастарымызға және көмекке мұқтаж барлық жандарға үміт сыйлап, қамқорлық жасап, біздің қоғамымыздың гүлденуіне атсалысып келесіздер.

Біз Сіздерге ел алдындағы осынау еңбектеріңіз үшін алғыс білдіре отырып, әлеуметтік салада қызмет етіп жүрген барлық қызметкерлерге денсаулық, бақыт пен амандық, жаңа табыстар тілейміз!

Ж.ҚАСЫМБЕК,

 Қарағанды облысының әкімі.

С.ӨТЕШОВ,

Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы.