Бұқар жырау ауданында «Дәрігерлерге мың алғыс» акциясы өтті
«Нұр Отан» партиясы Қарағанды облыстық филиалында өткен форумға аудан-қалалардағы үкіметтік емес ұйымдар, облыстық басқармалар мен департамент басшылары, әкімдердің орынбасарлары, жергілікті жерлердегі ішкі саясат бөлімдерінің жетекшілері мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты. Акцияға Парламент Мәжілісінің депутаттары Гүлнар Бижанова мен Василий Олейник қосылды.
Ауданның медицина қызметкерлеріне алғыс хаттар мен пакеттер табыс етілді. Олардың әрқайсысына ылғалды сулықтар, қол кремі, бал, лимон, минералды су және т.б. кірді.
Короновирустық инфекциямен күресте ауылдық провизор орталықтары да қиын жағдайға тап болды. Мамандардың тапшылығына қарамастан, госпитальдардың барлық медициналық қызметкерлері тәулік бойы көмекке мұқтаж науқастардың жанында болып, ем жүргізді.
Қазір дәрігерлердің жұмысы әлдеқайда жеңілдеді: COVID-19 індетінің таралуы төмендеп келеді. Облыстық медицина мекемелері қажетті дәрі-дәрмектер мен құрал-жабдықтарды алуды жалғастыруда.