Жаңалықтар

Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгердің сүйегі елге әкелінеді

5 мамыр күні Ресей Федерациясындағы Қазақстан елшілігіне Ұлы Отан соғысында қаза тапқан қарағандылық сарбаз Медет Аманжоловтың сүйегі  тапсырылды. Отан қорғау жолында құрбан болған жауынгердің мәйіті 80 жылдан кейін туған жеріне оралады. Туыстары солдаттың сүйегін үлкен сый-құрметпен туған ауылына жерлеуді жоспарлап отыр.


– Жақында ағамның сүйегі Қазақстанға жіберіледі. Мұны 9 мамырға дейін жасау жоспарланған болатын. Карантин алынып тасталғаннан кейін біз ол кісінің сүйегін Нұр-Сұлтаннан Қарағандыға әкелеміз. Ағамызды Ағадырдағы әкесі мен ағасының жанына  жерлегіміз келеді, – дейді Медет Аманжоловтың немере інісі Арман.

Естеріңізге сала кетейік, Смоленск облысы Темкин ауданының аумағында іздеу-барлау іс-шараларын жүргізу кезінде «Тризна» іздеу бірлестігі» ӨЖҚҰ өкілдері 1917 жылы туған, Қарағанды облысы Шет ауданы Жестерек ауылының тумасы Медет Аманжоловтың мәйітін тапқан болатын. Ол 1942 жылы қайтыс болды. Сақталып қалған «қаза болу медальонның» арқасында  жауынгер есімі анықталды.
 

Басқа материалдар

Back to top button