Жаңалықтар

Қарағандылықтарды “Өз ағашыңды отырғыз!” акциясына қатысуға шақырады

“Өз ағашыңды отырғыз!” акциясы 24 қазан, сенбі күні сағат 10.00-де триатлон-паркте өтеді. Оған ағаш отырғызғысы келетіндердің барлығы қатысып, аймақтың экологиясын жақсартуға өз үлестерін қоса алады.

Санитарлық нормалар мен талаптарға сәйкес ағаш отырғызу топтарда үш адамнан қашықтықты сақтай отырып жүзеге асырылады.

Отырғызу үшін барлық қажетті жабдықтар мен сапалы көшеттер беріледі.

“Отбасыңызбен, достарыңызбен және әріптестеріңізбен бірге келіңіздер! Сіздердің мейірімді қолдарыңыз ауданды көгалдандыруға көмектеседі”, – дейді ұйымдастырушылар.

Жиналу орны сағат 10.00-де триатлон-парктегі монументтің жанында.

Анықтама телефоны: 7-701-031-27-48 (WhatsАpp).

Басқа материалдар

Back to top button