КоронавирусРесми

Төлем шарттарын түсіндірді

Президент Қазақстанда карантин режимі шілде айының соңына дейін созылатынын және соған байланысты мұқтаж азаматтарға 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік төлем тағайындалатынын айтқан болатын. Осыған орай, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсем ЖҮНІСБЕКОВА онлайн баспасөз мәслихатын өткізіп, аталған жәрдемақыға қатысты түсініктеме берді.

Мәселен, төлемнің тек бір рет берілетіні, жалдамалы жұмысшылар үшін өтінішті жұмыс берушінің ғана бере алатыны және өзін­өзі жұмыспен қамтығандар бірыңғай жиынтық төлемді қайтадан төлемейтіні мәлімделді. Жәрдемақы қаражаты міндетті әлеуметтік сақтандыру қорынан қарастырылған.

 «Жалпы, 42 500 теңге әлеуметтік төлем карантин режиміне байланысты табысынан айырылған азаматтарға беріледі. егер жұмыс беруші жалдамалы жұмысшысын ақысыз демалысқа жіберсе, ол үшін өтінішті өзі ұсынады. Жұмысшы осы аралықта жұмысынан айрылып қалған болса, алдымен жұмыспен қамту орталығына хабарласуы тиіс. Оны азаматтар электронды түрде жасай алады. егер орталық ұсынған жұмыс оған лайық болмаса, 3 күн ішінде жұмыссыздыққа тіркеліп, 42 500 теңге әлеуметтік төлемді ала алады. Төлемге үміттілердің жұмысы, не кәсібі тоқтағаны – негізгі шарт. Жеке кәсіпкерлер мен өзін­өзі қамтамасыз етіп отырғандар өтінішті өздері береді. Оларға әлеуметтік жарна төлеу жөнінде ешқандай шарт қойылмайды. Тек, жұмысы тоқталғанын жергілікті жердегі штабтар растауы тиіс. Ал, құқықтық салада жүрген азаматтардың өтініші бұл штаб арқылы өтпейді. Оларөтінішін тікелей береді. соңғы алты ай ішінде әлеуметтік жарнаның кемінде бір рет төленуі – жәрдемақыға қол жеткізудің басты шарттарының бірі.

Бюджеттен зейнетақы, жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек, сақтандыру қорынан төлемдер алып жүрген аза маттар 42 500 теңге көлеміндегі кө мекті ала алмайды. Алайда, олардың қатарында жұмыс істеп жүргендер, жеке кәсіпкерлер болса, төлемге өтініш бере алады. студент жұмыс істеп жүрсе, не жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, жарна төлеген болса, жәрдемақы беріледі. Ресми жұмыс істемеген студент, баласы 1 жасқа толғанға дейінгі төленетін жәрдемақы алатын азаматтар төлемге үміттене алмайды. Ал, баласы 1 жастан асқан, карантинге дейін жұмыс іс теп жүрген, жеке кәсіпкер ретінде жарна төлеген адамдар жәрдемақы ала алады», – деді Әсем Жүнісбекова.

Әлеуметтік төлемге өтінішті 42500. enbek.kz, Egov.kz электронды үкімет порталдары, Telegram­боттар (өзін­өзі жұмыспен қамтитын жеке тұлғалар үшін) арқылы беруге болады.

Құрманғазы ӨТЕБАЙ.

Басқа материалдар

Back to top button