АймақЖәдігерРуханиятШет

Көне тарих куәсі

Шет аудандық археологиялық-этнографиялық мұражайы қазақ халқының салт-дәстүрінен, әдет-ғұрпынан сыр шертетін көне мұраларға бай. Әсіресе, мұражай төріндегі ұлттық қолөнердің қайталанбас үлгілері, оның ішінде ағаштан жасалған бұйымдар көздің жауын алады. Сондай құнды жәдігерлердің бірі – адалбақан.

Қолөнер шеберлерінің жасаған ерекше бұйымын халқымыз қасиетті мүлік санаған. Ғасырдан астам тарихы бар мұра аудан мұражайына 1988 жылы сыйға тартылған екен. Шет аудандық мұражай директоры Салтанат Қамытованың айтуынша, адалбақан жеті ашадан тұрады. Жалпы өлшемі 2м×12,5см. Сүйегінің берік болуы үшін арнайы қайың ағашынан жасалған. Шеберлер бұйымның сәнді болуы үшін сыртын түрлі-түсті бояулармен өрнектеп сырлаған. Киіз үй жиһазы саналатын адалбақанның жоғарғы басын уыққа тіреп қояды. Өн бойындағы бұтақшалары қазақтың түрлі оюларымен көмкерілген.

Думан ҚАБЫЛ.

Басқа материалдар

Back to top button