Спорт

Үздіктер қатарында

Жерлесіміз Геннадий ГОЛОВКИН қазіргі заманның топ-25 үздік боксшылары қатарына кірді.

Givemesport.com сайты 25 үздік боксшылар рейтингін құрды. Бұл тізімге атақты жерлесіміздің енуін үлкен жетістік санаймыз.

Головкин тізімдегі 11-ші орында тұр. Үздік деп американдық Теренс Кроуфорд танылды.

«Головкин соңғы онжылдықта басым күшке ие болды және оның топ-10- ға жетуде жолы болмады. Көпшілік оған жекпе-жек өткізуге байланысты шешімдері кедергі етті, кем дегенде «Канело» Альвареске қарсы жекпе-жегінің нәтижесі оның мәртебесіне әсерін тигізді деп санайды. 38 жасқа толған боксшының ең жақсы жылдары артта қалды, бірақ ол әлі де орташа салмақтағы қарсыластарына үлкен қауіп төндіреді», – деп жазады Givemesport.com сайты.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button