Жаңалықтар

2020 жылы мектеп бітіруші құрметті талапкерлер!

Жолында кездескен барлық қиындықтарға қарамастан адамзат оларды жеңіп шығады. Жоғары қарқынмен өзгеретін әлемде өзгеріссіз қалатын бір нәрсе бар, ол – адамдардың осы әлемді танып білу ниеті. Сондықтан, туризм және меймандостық салаларындағы жоғары білікті кадрларға деген қажеттілік болашақта үнемі өсе бермек.

Елбасының бастамасы бойынша және Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 наурыздағы қаулысымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі жанынан Халықаралық туризм және меймандостық университеті құрылды.

Қазақстандағы халықаралық деңгейдегі бейіндік тұңғыш университет мыңдаған болашақ студенттерге туризм және меймандостық саласындағы әлемдік деңгейдегі мамандар үшін өз есігін ашады.

Университет Орталық Азияның ежелгі тарихи қалаларының бірі – Қазақстан Республикасы, Түркістан қаласында орналасқан.

Туристік бизнестің нақты қажеттілігі ескерілген “3+1” сызбасы бойынша арнайы әзірленген университеттің 4 жылдық білім беру бағдарламасының нәтижесінде, алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибеге сүйене отырып және Еуропа, Орталық Азия елдерінің жетекші жоғары оқу орындарымен бірлескен білім беру бағдарламаларының негізінде біздің түлектеріміз халықаралық үлгідегі екі диплом алады (қазақстандық және шетелдік серіктес ЖОО), бұл олардың әлемнің кез келген жерінде өз мамандығы бойынша еш кедергісіз жұмыс жасай алуына мүмкіндік береді.

Қазақстандық және шетелдік профессорлардан, ғылым докторлары мен туризм және сервис саласындағы алдыңғы қатарлы ірі компаниялардың ТОП-менеджерлерінен тұратын мықты оқытушылар құрамы біздің студенттерге теориялық білімнің жоғары деңгейін алуға және оларды шетелдік тәжірибемен ұштастыруға, оның ішінде БҰҰ Халықаралық туристік ұйымында (UNWTO) нығайтуға мүмкіндік береді.

Университетіміз оқу гранттарын бөледі және өз студенттерінің өмір сүруіне жақсы жағдай жасайды.

Университет базасында Біліктілікті арттыру орталығымен бірге IELTS, TOEFL сияқты халықаралық емтихандарды тапсыру, шет тілдерін тереңдетіп оқыту үшін тіл орталығы жұмыс істейді.

Туризм факультеттерінен басқа спорттық кафедралар да бар.

“Баға жетпес білім сізді әлем үшін құнды етеді.

Халықаралық туризм және меймандостық университеті – баға жетпес білімнің қайнар көзі!”

Барлық қажетті ақпаратты Сіз біздің http:// tourism-university.kz/, сайтымыздан, сондай-ақ FB және Instagram: mutig2020 әлеуметтік желілерінен ала аласыз.

Сондай-ақ, сізді қызықтырған сұраққа келесі телефондар бойынша жауап беруге дайынбыз: +7 (707) 542-51-71, +7 (778) 495-15-33, +7 (777) 192- 26-91.

Біздің мекен-жайымыз: Түркістан қаласы, Байбұрт көшесі, 5.

Басқа материалдар

Back to top button