АймақЖәдігерҚарқаралыРуханият

«Қояндыдан» қалған көз

Атағы шартарапқа жайылған Қоянды жәрмеңкесінің Арқадағы сауда-саттықтың дамуындағы орны ерекше болғаны белгілі. Жер-жерден жиылған саудагерлер сауданың көрігін қыздырып, қилы бұйымдарды жергілікті жұрттың назарына ұсынды. Сол кезден қалған жәдігердің бірі – кебеже Егіндібұлақ селосындағы музейде тұр.

Кебеже 1924 жылы Қоянды жәрмеңкесінен сатып алынған. Ал, 1990 жылы оны Абай ауылының тұрғындары тапсырған екен.

Жиһаздың түбіне қалың тақтай қағылған. Қақпағы да қалың. Бетіне ою-өрнек ойылған. Кей оюларына сүйек бекітілсе, кей жерлері сырланған.

Бірнеше жылдан кейін кебеженің Қоянды жәрмеңкесі арқылы Қарқаралы жеріне келгеніне бір ғасыр толады. Алайда, «сыры кетсе де, сыны кетпеген» жиһаз қазіргі таңда қонақтардың қызығушылықпен тамашалайтын бұйымына айналып отыр.

Сағыныш ӘБІЛ.

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button