23-29 шілде. Апталық жұлдыз жорамал
Тоқты
Алда сізді сәттілікке толы апта күтіп тұр. Ісіңіз өзіңіз күткеннен де жылдам өрге басады. Бойыңызда күш-қуат та тасып тұр. Біреулердің ұмытшақтықтан, ұқыпсыздықтан не жалқаулықтан тудырған мәселелерін шешу сіздің ғана қолыңыздан келеді. Істің тізгінін өз қолыңызға алған соң, қарамағыңыздағыларға бұйрық беруден, оларды басқарудан жасқанбаңыз. Есесіне, нәтижесі жақсы болады.
Ең сәтті күн — сейсенбі.
Торпақ
Біраздан бері жолықпай кеткен жақын досыңызбен жүздесудің сәті түсіп тұр. Оған уақыт бөліп, көңіл-көтеріңіз, сырласыңыз. Бұл сіз үшін жақсы демалыс болады.
Апта күндерінде алдыңыздан шыққан игі істерден, қайырымдылықтан бас тартпаңыз, белсенді болыңыз. Өмір жақсылығыңызды еселеп қайтарады. Ата-ана, туыстар, жақын дос пен сүйікті адамыңызбен араңызды барынша жақын ұстаңыз.
Ең сәтті күн — жұма.
Егіздер
Бұл аптада қиындыққа тап болған жақындарыңызға көмек қолын созуға мүмкіндігіңіз мол. Көмектесу-көмектеспеу еркі өзіңізде, әрине.
Маңызды шаруаларды назардан тыс қалдырмаңыз. Оларды шешуді осы аптада қолға алсаңыз, көздегеніңізге жету оңай. Қаржыға келгенде аздап тарта жұмсағаныңыз жөн. Әсіресе, ұсақ-түйектерден бас тарта тұрыңыз.
Ең сәтті күн — сәрсенбі.
Шаян
Алдағы жетінің барлық күні дерлік тыныштықта, маужыраған мамыражай кейіпте өтеді. Жан тыныштығын бұзбау үшін өзгелердің қатесіне түсіністікпен қарауды үйренесіз.
Маңызды кездесулер мен қайшылыққа толы пікірталастарға дайын бола жүріңіз.
Ең сәтті күн — сейсенбі.
Арыстан
Әріптестер мен серіктестер арасында игі, тілектестік қарым-қатынас орнатуғы тырысыңыз. Мұндай атмосфера жұмысыңыздың алға басуына септігін тигізеді. Бұл аптада ойдағы жоспарларыңыз сәтті іске асады, ал, жаңа идеяларыңыздың болашағы зор. Көптен күткен жұлдызды сәтіңіз де осы аптада тууы мүмкін, жіберіп алмаңыз.
Ең сәтті күн — жексенбі.
Бикеш
Бұл апта сіздің барлық батыл да өр мақсаттарыңызға, идеяларыңызға қолдау білдіреді. Табысыңыз да едәуір қомақты бола түспек. Тек, жоспарларыңызды аздап жасырын ұстасаңыз болғаны. Өйткені, бәсекелестер де белсенді.
Ең сәтті күн — сәрсенбі.
Таразы
Бұл аптада қай істе болмасын жолыңыз болып, жұлдызыңыз оңынан туатынына сене беріңіз. Қай істі қолға алсаңыз да, оңай әрі тез шешіледі. Көмек қолын созушылар да көп болады. Жағдайға бейімделіп, қажет арнаға тез түсетін қасиетіңіздің де көп көмегі тиеді.
Ең сәтті күн — жұма.
Сарышаян
Сарышаяндардың көпшілігінің жылдық еңбек демалысы осы аптаға түсіп тұр. Мүмкіндікті тиімді пайдаланып, саяхатқа аттанып кетсеңіз, сәттілік серігіңіз болады. Жақсы әсер мен жаңа білімнің мол қорына кенелесіз. Тек, жұлдызшылар жоспарыңызды алдын-ала көпшілікпен бөліспеуге кеңес береді.
Сүйіктіңіз осы аптада өзін тағы бір жақсы қырынан танытады. Сізге қатысты қарым-қатынасында бұрынғыдан да жомарт болғанын байқайсыз.
Ең сәтті күн — сейсенбі.
Мерген
Сізді ұзақ сапар не қызықты жаңа хобби күтіп тұр. Қызығушылығыңыз оянған барлық нәрсеге зер салып қараңыз. Білмегеніңізді сұрауға ұялмаңыз. Күнделікті қайталанатын нәрселердің өзін жаңаша әдіспен, жаңаша түрде жасауға тырысыңыз. Сонда өзіңіз үшін көп жаңалық ашасыз, таным көкжиегіңіз кеңейе түседі. Өзгелер болса біліміңіз бен қабілеттеріңізді бұрынғыдан да жоғары бағалайтын болады.
Ең сәтті күн — бейсенбі.
Тауешкі
Апта бойында ұсақ-түйектерге мән бермеуге тырысыңыз. Бар назарыңызды негізгі құндылықтарға аударыңыз. Айталық, денсаулық, жеке өмір немесе қор жинау сынды. Бір нәрсенің есігін жауып, екінші есікті саналы түрде ашуды үйреніңіз. Неғұрлым жылдам болсаңыз, соғұрлым әр күніңіз жемісті бола түседі.
Ең сәтті күн — сенбі.
Суқұйғыш
Бұл аптада жаңа нәрселерді үйренуге мол мүмкіндік ашылады. Курстар мен тренингтерге шақыру түссе, бас тартпаңыз. Өзіңіз үшін маңызды тақырыптағы мақалалар мен кітаптармен танысып, зерттеп көріңіз. Бұл сіз ойлағаннан да қызық болуы, көптеген сұрақтарыңызға жауап табуыңыз мүмкін. Алған білімді өмірде қалай қолдану керектігін ойланып көріңіз. Нәтижесінде жаңа бір кәсіп ашып, сол арқылы тәп-тәуір табыс таба аласыз.
Ең сәтті күн — сенбі.
Балықтар
Өзіңізге көбірек бостандық беруге мүмкіндігіңіз бар. Жақсылап тынығып, күйзелістен арылыңыз. Жұмыс ағыны өз арнасымен ағып жатыр, жақындарыңыздың да жағдайы жақсы. Бұл сізге өзіңізге көбірек уақыт бөлуге, денсаулық пен дене күтімін қолға алуға мүмкіндік береді.
Ең сәтті күн — бейсенбі.
Аударған: А.Мейірханқызы,
ERNUR.KZ