Бас тақырыпЖаңалықтар

Бағдарлама қарқынмен жүзеге асуда

Облыста «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы табысты түрде жүзеге асырылуда. Жыл өткен сайын бағдарлама қатысушыларының қатары артып келеді. Бұл – жаңа, табысты бизнес-жоспарлар, мемлекет есебінен жұмысшы мамандықтар және ең бастысы өз өміріңді жақсы жаққа өзгертуге мүмкіндік. Жұмыссыздықтан табысты кәсіпкерге дейін бір ғана қадам. Бағдарлама қатысушылары өз өмірін қалай өзгертуде? Қандай жобалар іске асырылуда? Бағдарламаға қатысу үшін не істеу керек?

Қарағанды облысының халықты жұмыспен қамту қызметінің қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын белсенді түрде жүргізіп келеді. Облыс тұрғындарын кәсіпкерлікке тартып, жаңа кәсіптерді оқытып-үйретіп, біліктілігін өзгерту курстарына жібереді. Ал, егер, адам жұмыс іздеп жүрсе, онда оған жұмысқа орналасуға көмектеседі.

Халықты жұмыспен қамту орталықтарымен жұмыс берушілер белсенді түрде қарым-қатынаста. Бұл – әлеуметтік маңызды міндеттерді шешу үшін мемлекет пен кәсіпкерлер бір бағытта жұмыс істеуінің бір үлгісі.

– Қарағанды қаласы Халықты жұмыспен қамту орталығымен жеті жылдан артық жұмыс істеп келе жатырмыз, – дейді Қарағанды металл бұйымдары зауытының директоры Галина Паршина, – және осы уақыт аралығында Халықты жұмыспен қамту орталығының арқасында көптеген мамандар мен жұмыскерлерді таптық. Егер, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы жөнінде айтар болсақ, мен оны өте қажет бағдарлама деп санаймын. Жұмысқа адамдарды сырттан қабылдау мен оларды Халықты жұмыспен қамту орталықтарынан жіберген кезде, бұл басқа. Біздің зауыт Пришахтинскіде орналасқан. Әркімге қала сыртына жұмысқа келу ұнамайды. Ал, еңбекақысы аз болса, әрине, қиынырақ. Алайда, біз жұмысқа мемлекеттің қолдауын есепке ала отырып, қабылдаймыз. Мемлекет олардың еңбекақысын төлейді. Ал, біз оларды оқытып, үйретіп, әрбір жұмыскерге тәлімгер тағайындаймыз. Биыл орталықтан бізде 15 адам жұмыс істейді. Келесі жылы бағдарламаның 18 қатысушысын жұмыспен қамтуды жоспарлап отырмыз.

Галина Васильевнаның сөзімен айтар болсақ, Қарағанды қаласына жұмысшы мамандық адамдары, яғни, дәнекерлеушілер, темір ұсталары, токарьлар жетіспейді. Бағдарламаның арқасында бұл мәселе шешімін тауып келе жатыр.

– Приозерскіде жастар жаңа кәсіптерді қызығушылықпен және дайындықпен меңгеріп жатыр. Биыл Приозерск қаласында 54 адам қысқа мерзімдік курстан өтті. Электрші, аспазшы, бухгалтер, дәнекерлеуші мамандықтарына оқуға келеді. Және де бұл негізінен 16 жастан 29 жасқа дейінгі жастар. Сонымен бірге, жастар кәсіпкерлік саласында да өздерін байқап көруде.

Приозерск қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы кредит алуға өтінім берген бағдарлама қатысушыларының тізімін қалыптастырып жатыр, – дейді Рахима Есенаманқызы. – Ағымдағы жылы бағдарламаның 16 қатысушысы өтінім беріп, кредит алу үшін Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына жіберілді. Оның ішінде, бағдарламаның 12 қатысушысы микрокредит алды.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының қатысушылары өз істерін кеңейтуге кредиттер алып жатыр. Әрине, бұл – табысты бизнес-жоспарлар. Газ блоктарының өндірісін ашу, ірі қара малды өсіру, құс шаруашылығын, үй құс шаруашылығын ашу және бұл Приозерск қаласының кәсіпкерлері іске асырып жатқан мемлекеттің көмегімен сауатты түрде жүзеге асырылып жатқан идеялардың барлық тізбесі емес.

Жәйрем және Шалғын кенттерінде 11 жоба 40 миллион теңге сомасына микрокредиттер алды. Бұл Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының желісі бойынша. Қаражал қаласында биыл «Шайхин» ЖК жеміс-жидектерді өсіру үшін өз ісін ашты.

– Қазіргі таңда біз өсірген картоп аймақ халқының сұранысына ие болып, Қаражал қаласының коммуналдық базарында картоп сатылып жатыр, – деп мақтанышпен айтады Серік Шайхин.

Ағымдағы жылы Қаражал қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыспен қамту мәселесімен 908 адам жүгінген. Бұл өткен 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 366 адамға артқан. 823 азаматқа жұмыспен қамтуға белсенді ықпал ету шаралары көрсетіліп, олардың ішінен 812 адам жұмыспен қамтылған.

– Жыл сайын жұмыссыздарды жұмыспен қамту үшін әлеуметтік жұмыс орындары құрылады, – дейді Қаражал қаласы Халықты жұмыспен қамту орталығында, – әлеуметтік жұмыс орындарына 12 адамды жіберу жоспарланған. Алайда, 31 адам 35 мың теңге жалпы сомаға олардың еңбекақысын судсидиялаумен жіберілген. Аймақта тұрақты жұмысқа жұмыспен қамту мүмкіндіктері болмаған жағдайда жұмыссыздарды уақытша жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ететін қоғамдық жұмыстарға жұмыспен қамтылмаған азаматтарды жұмысқа орналастыру қолданылады.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы республика бойынша іске асырылып жатыр. Бұл жұмыссыздарды және өзін-өзі қамтыған қазақстандықтарды қолдау механизмі.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button