Жаңалықтар

222 124 адам онлайн режимде халық санағынан өтті

Қарағанды облысында 18 қыркүйек сағат 13-00-дегі жағдайы бойынша 222 124 адам онлайн режиминде халық санағынан өтті.

Қарағанды облысында ағымдағы жылғы 18 қыркүйек сағат 13-00-дегі жағдайы бойынша 222 124 адам онлайн режиминде халық санағынан өтті. Облыс халқының жалпы санына қатысты қамту пайызы 16,2%-ды құрайды.

Облыс аймақтары бойынша Нұра ауданы көшбасшы. Онда 33% халық интернет-сауалнамадан өтті. Сонымен қатар, жоғарғы пайыз Осакаров (27,4%) және Ұлытау (25,5%) аудандарында қамтамсыз етілген.

Балқаш қаласы және Бұқар жырау ауданында ең төмен қамтылғаны белгіленді, сәйкесінше, 11,8 % және 11,3% халық санақтан өтті.

Басқа материалдар

Back to top button