Руханият

Тағзым – тақта

19 қазанда – құтқарушылар мен қорғаушылардың халыққа қызмет еткеніне 25 жыл толды. Осыған орай, Қарағанды облысының ТЖ департаменті мен Қарағанды агротехникалық колледжі бірлесіп, қызмет бабында жүріп, ерлікпен қаза тапқан өрт сөндірушілердің құрметіне мемориалдық тақта орнатты.

Өрт сөндіруші Дмитрий Гревцов аталған оқу орнын 1999 жылы тәмамдайды. 2001 жылғы тамыздан бастап құтқарушы қызметін абыроймен атқарды. 2005 жылғы 17 маусымда қаладағы Тернопольская көшесінде болған өрт кезінде электр тоғынан жарақат алып, қаза табады. Ал, аға өрт сөндіруші Артем Новиков колледжді 1997 жылы бітіріп, 2004 жылғы қарашадан бастап құтқарушы болып жұмысқа кіріседі. 2007 жылғы 26 шілдеде Гапеев көшесіндегі пәтердің бірінде тілсіз жауды ауыздықтап жүріп, ажал құшады. Тексеріс нәтижесінде өрттің қатты өршу салдарынан қашып шыға алмапты.

ҚР Президентінің 24.04.2008 ж. жарлығымен III дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған. Салтанатты шараға ТЖД басшылығы, қаза тапқан құтқарушылардың туыстары және колледж басшылығы қатысты.

Қасымхан ҒАЛЫМ.

Басқа материалдар

Back to top button